Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының қорытындысы

Балалар жылы аясында бүлдіршіндердің талантын шыңдап, өнерге басқан алғашқы қадамдарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы
2022 жылдың 18 қараша күні №33 «Алтын дән» балабақшасында өтті.
Өнер байқауының қалалық кезеңінде «Вокал» жеке/топтық орындау, «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша іріктеуден өткен 34 өнер шығармасы 176 тәрбиеленушінің қатысуымен қазылар алқасы назарына ұсынылды.
Қалалық кезеңге қатысқан 24 (№№27,28,33,44,65,71,32,53,45,
70,5,81,24,34,38,50,73,64,92,3,30,41,2,69) балабақша арасында
№27 «Балауса» және №65 «Бал бала» балабақшалары үш номинация
бойынша, №№45,73,70,32,33 балабақшалары екі номинация бойынша өнер көрсетті.
Қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
«Вокал» (жеке орындау) 3-4 жас номинациясы – 4
Бас жүлде – 1(№70 «Құлыншақ» б/б)
І орын – 1 (№81 «Әсемгүл» б/б)
ІІ орын – 1 (№5 «Ақбота» б/б)
ІІІ орын – 1 (№32 «Балдәурен» б/б)
«Вокал» (жеке орындау) 5-6 жас номинациясы – 6
Бас жүлде – 1 (24 «Айналайын» б/б)
І орын – 1 (№38 «Шаттық» б/б)
ІІ орын – 2 (№27 «Балауса», №34 «Ақ бидай» б/б)
ІІІ орын – 2 (№65 «Бал бала», №50 «Жұлдыз» б/б)
«Вокал» (вокалдық топ) 3-4 жас номинациясы -2
І орын – 1 (№73 «Аяулым» б/б)
ІІ орын – 1 (№45 «Самұрық» б/б)
«Вокал» (вокалдық топ) 5-6 жас номинациясы – 11
Бас жүлде –1 (№27 «Балауса» б/б)
І орын – 2 (№73 «Аяулым», №41 «Балдырған» б/б)
ІІ орын – 3 (№64 «Асыл бөбек», №33 «Алтын дән», №65 «Балбала» б/б)
ІІІ орын – 5 (№92 «Жауқазын», №3 «Күншуақ», №30 «Қайнар», №2 «Батыр», №69 «Еркем-ай» б/б)

«Көркемсөз» номинациясы – 6
Бас жүлде – 1 (№65 «Бал бала» б/б)
І орын – 1 «№33 «Алтын дән» б/б)
ІІ орын – 2 (№44 «Үркер», №71 «Мөлдір» б/б)
ІІІ орын – 2 (№27 «Балауса», №28 «Жұлдыз» б/б)
«Хореография» номинациясы -5
Бас жүлде –1 (№5 «Ақбота» б/б)
І орын –1 (№70 «Құлыншақ» б/б)
ІІ орын – 2 (№53 «Мерей, №45 «Самұрық» б/б)
ІІІ орын – 1 (№32 «Балдәурен» б/б)

Талантқа талап берген, қанатын қатайтып қуантқан, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Астана дарыны» орталығынан дипломдар және Астана қаласы білім басқармасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінен сыйлықтар табысталды.
Өнер байқауының жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан №33 «Алтын дән» балабақшасы (меңгерушісі А.Е.Кенесова ) ұжымына алғыс білдіреміз.
Жеңіске тұғырында көрінген балабақша тәрбиеленушілерін және олардың жетекшілерін құттықтаймыз. Өнерге қадам басқан балалардың өнері өрге жүзсін!