Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың қорытынды кезеңі

Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және
оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы
келісімшарттың негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын»
республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен
2022 жылдың 4-5 желтоқсан күндері Информатикадан XIV Еуразиялық
олимпиаданың қорытынды кезеңі Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ
техникалық университетінің базасында өткізіледі.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық
құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту
және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық
технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау.
Қорытынды турға іріктеу турында 6 және одан жоғары тапсырмаларды
орындаған 50 команданың (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және
Тәжікстан) қатарында елордамыздан 4 команда финалға қатысады.
Елордалық финалистердің есімдері:
І команда. Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-
интернаты:

  • Исаев Арман;
  • Амангельдин Ержан;
  • Жарылгамысов Темирлан.
    ІІ команда. Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-
    интернаты:
  • Аманкулов Ералы;
  • Кигаш Амир;
  • Сейтбай Алдияр.
    ІІІ команда. Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-
    интернаты:
  • Мырзаш Бейбарыс;
  • Байжанов Нұрмырза;
  • Әлібек Бекасыл.
    ІV команда. «NURORDA» мектеп-лицейі:
  • Абжами Ерсултан;
  • Шермаханов Ильяс;
  • Төлеген Мұхитәлі. Оқушыларымызға жеңіс тілейміз!