«Мен жастарға сенемін» VI республикалық оқушылар айтысының қалалық іріктеу кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау орталығы 2022 жылдың 17 қарашасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 қазақ сынып оқушылары арасында «Мен жастарға сенемін» VI республикалық оқушылар айтысының қалалық іріктеу кезеңін «Астана дарыны» орталығында өткізеді. Басталуы: сағат 10:00-де. Қалалық іріктеу кезеңнің жеңімпазы елорда атынан республикалық оқушылар айтысына қатысады.