Мектеп жасына дейінгі балаларға  арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы

      Балалар жылы аясында кішкентай бүлдіршіндердің өнерге басқан алғашқы қадамдарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы 2022 жылдың 18 қараша күні №33 «Алтын дән» балабақшасында өтеді.        Өнер байқауының қалалық кезеңінде «Вокал» жеке/топтық орындау, «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша іріктеуден өткен 24 балабақшаның 176 тәрбиеленушісі өнер көрсетеді.       Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Астана дарыны» орталығының Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары мен грамотасы, сонымен қатар Астана қаласы Білім басқармасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі тарапынан сыйлықтар  табысталады.        Өнерге қанат қаққан балапандарға сәттілік тілейміз.💐💐💐