Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен «Елбасы Академиясы» КҚ арасында 2021 жылғы 23 маусымда жасалған №43/ГЗ мемлекеттік тапсырма шартын орындау шеңберінде 10-11 жастағы балалардың қабілеттілігін диагностикалау және нәтижелерін интерпретациялау бойынша «Qabilet» қызметі жұмысын жүргізу жалғасуда. «Астана дарыны» орталығы «Qabilet» қызметінің мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен дарынды жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін оларды сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру. Ағымдағы оқу жылының 1-30 қараша аралығында Алматы ауданы білім беру мекемелеріндегі 10-11 жастағы оқушылардың қабілеттерін онлайн диагностикалау жүргізіледі. Диагностикадан өту ережелері мен ақпаратты https://qabilet.elbasyacademy.kz/ сілтемесі арқылы алуға болады.