«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңін өткізеді.Олимпиаданың мектепішілік кезеңі «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі бекіткен Ережеге сәйкес қосымшада көрсетілген Нұсқаулық бойынша жүргізіледі.Олимпиаданың аудандық кезеңі 18 қараша күні өткізіледі:5-сынып басталуы сағат-11.00, тіркеу уақыты 10.00-10.30;6-сынып басталуы сағат-13.00, 12.00-12.30.Өтетін орны: №68 мектеп-гимназиясы – Сарыарқа және Байқоңыр аудандары;№76 мектеп-лицейі – Есіл ауданы;№87 мектеп-гимназиясы- Алматы және Байқоңыр аудандары.