«MakerSpace Hardware Projects» робототехника бойынша ғылыми-техникалық жобалар конкурсы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласының Америка бұрышымен бірлесіп, «Chevron» компаниясының қолдауымен 2022 жылы 11 қараша күні елордалық білім беру мекемелерінің оқушылар арасында «MakerSpace Hardware Projects» робототехника бойынша ғылыми-техникалық жобалар конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізді. Мақсаты – оқушылардың жобалық робототехника саласына қызығыушылықтарын арттыру: теориялық, практикалық білім және 3Д модельдеу, бағдарламалау және электроникадан оқушылардың дағдыларын қалыптастыру. Конкурсқа 14 мектептен 30 оқушы мен 15 мұғалім қатысты. Конкурста әр қатысушы робототехника саласындағы өз әзірлемелері мен практикалық- зерттеу бағдарламаларын ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен:I орын – Кадыров Адильжан, Маханбет Ерсерік, №82 «Дарын» мамандандырылған мектебінің «Miracle» командасы;ІІ орын – Қалдарбекова Карина, № 62 мектеп -лицейінің «Smart-1» командасы;ІІІ орын – Бекмагамбетов Алиакбар, Болат Жасұлан, № 67 мектеп -лицейінің «Gymnasium engineers» командасы;Грамота – «Ең креативті топ» номинациясы:- Фазыл Таукен, Айтмухамбетов Әміржан, № 73 мектеп -лицейінің «AirBoat» командасы;- Амангелді Бексұлтан, Асқар Нұрдаулет, № 74 мектеп -гимназиясының «СТЕМ» командасы;«Техникалық шешім» номинациясы:Мұхамеджан Ералы,Исмаил Дулатбек, № 93 мектеп -лицейінің «SpaceX» командасы;Еркін Ислам, Абдильдин Тарлан, № 85 мектеп -лицейінің «Thinkers» командасы;Грамота – «Білікті топ» номинациясы : Ерназар Наргиз, Төлеубай Адина, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім -Инновация лицейінің «Free Thinkers» командасына берілді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Kazakhstan AmCorners Network» қоғамдық бірлестігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен және номинациялар бойынша грамоталармен марапатталады. Жүлделі орындарға ие болған командаларға «Kazakhstan AmCorners Network» қоғамдық бірлестігінің арнайы сыйлықтары табыс етілді. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!