Қалалық «Ұлы Дала қоңырауы» атты байқауы

Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен Ыбырай Алтынсарин атындағы «№83 мектеп-гимназия» ШЖҚ КММ іс-шараларына жоспарына сәйкес қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған Ы. Алтынсариннің туған күніне арналған        8-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында қалалық «Ұлы Дала қоңырауы» атты байқау (бұдан әрі – Байқау) жарияланады.

Байқау қазақ тілінде өтеді. Байқау ережесі қосымшада көрсетілген.

Байқау үш номинациядан тұрады.

  • «Ыбырай ізімен…»;
  • «Желкілдеп шыққан көк шөптей»;
  •  «Бір құдайға сыйынып…»;

Өтетін орны: Астана қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы «№83 мектеп-гимназия» ШЖҚ КММ өткізіледі. (А. Байтұрсынұлы көшесі, 35).Өтетін уақыты: 2 қараша 2022 жыл. Тіркеу 8.00-8.45., басталуы сағат 9.00.