Республикалық Әбіш оқулары басталды

2022 жылдың 10-12 қараша күндері Ақтау қаласында республикалық Әбіш оқулары өтеді. Бүгін ғылыми-шығармашылық сайыстың алғашқы күні. Бүгін таңертең астаналық оқушылар Маңғыстау өңіріне жетті. Әбіш оқуларының республикалық кезеңінде елорданың атынан қатысатын №16 ОМ 8 сынып оқушысы Умарова Сабинаға, №58 МГ 9 сынып оқушысы Ахмадиева Айзереге, №38 МЛ 9 сынып оқушысы Слямова Назияға және №87 мектеп-гимназиясы мен №66 мектеп-лицейінің командаларына сәттілік тілейміз!