Ата-аналарға арналған «Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу. Әр ата-ана нені білуі тиіс?» тақырыбында оқыту семинары

«Бала құқығы-адам құқығы» республикалық декада аясында 2022 жылдың 10 қарашасы күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының психологиялық қызмет бөлімі ата-аналарға арналған «Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу. Әр ата-ана нені білуі тиіс?» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.
Семинар Астана қаласы Арнасай көшесі-127 мекенжайында орналасқан
№ 24 орта мектебінің базасында өтеді.
Семинардың басталуы: сағат 16:00.
Семинарды өткізу тілі: қазақша