VІІ Халықаралық «RoboLand 2022» робототехника, бағдарламалау
және инновациялық технологиялар фестивалінің қорытындысы

2022 жылдың 3-5 қараша күндері аралығында Қарағанды қаласында VІІ Халықаралық «RoboLand 2022» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті. Астана қаласынан жалпы 20 команда қатысып:Шығармашылық категориясы 15-18 жас аралығы бойынша №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің «Alterra» командасы (Бусурманов Еркебулан, Тусупбекова Жадыра, Данил Еркежан) – І орын;Лабиринт категориясы 11-16 жас аралығы бойынша Техникалық шығармашылық орталығының «FanRobotics 2» командасы (Утубаев Алдияр, Боранбай Альтамир – №68 МГ) – І орын;Лабиринт категориясы 11-16 жас аралығы бойынша №68 мектеп – гимназиясының «FanRobotics 3» командасы (Рысбек Мейрамбек, Есенғали Диас) – ІІ орын;Лабиринт категориясы 8-10 жас аралығы бойынша №38 мектеп -лицейінің «Астана_38» командасы (Камалов Шахназар, Камалов Бекмұхан) – ІІІ орын;Лабиринт категориясы 11-16 жас аралығы бойынша «Quantum STEM» school «Winners» командасы (Сеилхан Алдияр, Қажығали Әмір) –ІV орын;​Лабиринт категориясы 8-10 жас аралығы бойынша «Quantum STEM» school «4G» командасы (Кунанбаева Айя, Кабдушев Султан ) – V орын иеленді.