Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиадасының қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2022 жылдың 18 қарашасында колледждердің 1-курс студенттері арасында зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиадасының қалалық кезеңін өткізетінін хабарлайды. Олимпиаданың қалалық кезеңіне колледжішілік іріктеуден өткен студенттердің арасынан әр колледжден 1 студент қатысады. Олимпиада 2 айналымда өткізіледі: 1 айналым – жазбаша (эссе); 2 айналым – ауызша.Олимпиаданың қалалық кезеңінің өтетін орны: Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм» ШЖҚ МКК ( ​Қарасай батыр, 19).