«Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы

2022 жылдың 4 қараша – 7 желтоқсан күндері аралығында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңін өткізеді.Фестиваль «Білім беру жүйесіндегі менеджемент», «Шеберлік палитрасы», «Шығармашылық толқын», «Сабақ аяталған соң…», «Психолог сандықшасы» бағыттары бойынша екі кезеңнен тұрады: І .Сараптама (22 – 29.11.2022 ж.);ІІ. Қорытынды (07.12.2022 ж.).Фестивальдің материалын (электрондық/қағаз нұсқаларын) қабылдау 14 -21.11.2022 ж. аралығында жүргізіледі.Конкурстың өткізу тілі: мемлекеттік, орыс.