«Мен жастарға сенемін» атты VI республикалық оқушылар айтысының қалалық іріктеу кезеңі

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылдың 7 қарашасындағы №474 хатына сәйкес «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау орталығы 2022 жылдың 17 қарашасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 қазақ сынып оқушылары арасында «Мен жастарға сенемін» атты VI республикалық оқушылар айтысының қалалық іріктеу кезеңін (Әрі қарай – Айтыс) «Астана дарыны» орталығында (Мәңгілік ел, 55/13, 5-пост, С.2.1. 1.13 каб.) өткізетінін хабарлайды. Басталуы: сағат 10:00-де. Қалалық іріктеу кезеңнің жеңімпазы елорда атынан республикалық оқушылар айтысына қатысады.