«Менің кіші Отаным» V республикалық зияткерлік конкурсы қорытындысы

2022 жылдың 3-5 қараша күндері аралығында Тараз қаласында «Менің кіші Отаным» V республикалық зияткерлік конкурсының ақтық кезеңі өтті. Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 4 оқушы қатысып:«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша:№92 мектеп -лицейінің 10 – сынып оқушысы Шакирова Диана – І орын; «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша: №64 мектеп -лицейінің 10 – сынып оқушысы Сәдібек Кәусәр – ІІ орын;«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша: №38 мектеп -лицейінің 9 – сынып оқушысы Өтеген Әділсұлтан- ІІІ орын;«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша:№82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 9 – сынып оқушысы Көпбай Гүлжазира -ІІІ орын иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!