Республикалық балалар оқуларының  қорытынды кезеңі

2022 жылдың 2-3 қараша күндері «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ- ның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Астана қаласы Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында Республикалық балалар оқулары өтті.

Балалар оқуларының республикалық кезеңіне Астана қаласы атынан қалалық кезеңде жеңімпаз атанған 4 оқушы қатысып, нәтижесінде:

3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар оқу бойынша

№70 мектеп – лицейінің 4 – сынып оқушысы Ұлағат Нұрай (жетекшісі Махулбекова Жадыра Оразалиевна) – ІІІ орын;

5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар оқу бойынша

№86 мектеп -гимназиясының 6 – сынып оқушысы Нұржігіт Алуа (жетекшісі Байтугулова Кульбаршин Калидуаевна) – ІІІ орын;

7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар бойынша

Ә.Бөкейхан ат. BINOM мектеп -лицейінің 8- сынып оқушысы Ерлан Айгерім – ІІІ орын;

9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар оқу бойынша

№81 мектеп -лицейінің 10 – сынып оқушысы Ерғалиева Аделья – алғыс хат иеленді.