Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының іріктеу кезеңі қорытындысы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың қыркүйек айының 15-і мен қазан айының 26-сы аралығында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының іріктеу кезеңіне өнерпаздардың бейнематериалын тіркеу жүргізілді.

         Өнер байқауының іріктеу кезеңіне 67 мектепке дейінгі білім беру мекемесінен 3-4 жас пен 5-6 жас ерекшелігіне қарай «Вокал», «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша 148 тәрбиеленушінің бейнематериалы қабылданды.

         Қазылар алқасы іріктеу кезеңінің отырысын 2022 жылдың 1 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында өткізді.

         Байқау Ережесіне сәйкес жас ерекшелігіне қарай «Вокал», «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша бүлдіршіндердің 148 өнер шығармасы бейнетаспадан қаралып, жинаған ұпай санымен байқаудың қалалық кезеңіне тәрбиеленушелердің 34 (23 %) өнер шығармасы жолдама алды.

Қазылар алқасының шешімімен іріктеуден өткен:

«Вокал» (жеке орындау) 3-4 жас номинациясында 15 қатысушыдан 4 (27%) балабақша (№5 «Ақбота», №70 «Құлыншақ», №32 «Балдәурен», №81 «Әсемгүл»);

«Вокал» (жеке орындау) 5-6 жас номинациясында 25 қатысушыдан 6 (24%) балабақша (№24 «Айналайын, №27 «Балауса», №34 «Ақбидай», №38 «Шаттық», №65 «Бал бала», №50 «Жұлдыз»);

«Вокал» (вокалдық топ) 3-4 жас номинациясында 11 қатысушыдан 2 балабақша (№45 «Самұрық», №73 «Аяулым»);

«Вокал» (вокалдық топ) 5-6 жас номинациясында 26 қатысушыдан 11

(42%) балабақша (№92 «Жауқазын», №2 «Батыр», №3 «Күншуақ», №30 «Қайнар», №33 «Алтын дән», №41 «Балдырған», №65 «Бал бала», №73 «Аяулым», №64 «Асыл бөбек», №69 «Еркем-Ай», №27 «Балауса»);

«Көркемсөз» номинациясында 48 қатысушыдан 6 (12%) балабақша (№27 «Балауса», №28 «Жұлдыз», №33 «Алтын дән», №44 «Үркер», №65 «Бал бала», №71 «Мөлдір»);

«Хореография» номинациясында 23 қатысушыдан 5 (22%) балабақша (№32 «Балдәурен», №53 «Мерей», №45 «Самұрық», №70 «Құлыншақ», №5 «Ақбота») балабақшаларының өнерпаздары 18 қараша күні №33 «Алтын дән» балабақшасында ұйымдастырылатын қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының сахнасында өнер көрсетеді.