9-14 жас аралығындағы оқушыларға арналған  Kodu Cup форматындағы  ІТ олимпиадасының       қорытындысы

«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры, Microsoft компаниясы мен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы бірлесе отырып KoduGameLab қозғалтқышында 3D ойындарын жасау бойынша балалар арасындағы I қалалық чемпионатын өткізді.

Чемпионат оқушылардың функционалдық компьютерлік сауаттылығын арттыру, дарынды  оқушыларды анықтау мен дамытуға, жастарды қолдауға бағытталған.

Жалпы 418 қатысушы тіркеліп, 103 жұмыс тапсырылды. Соның ішінде 56 жұмыс үздік шығып, финалға өтті.

Қазылар алқасының шешімімен үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға  дипломдар, грамоталар және ынталандыру сыйлықтары тағайындалды.

9-11 жас аралығындағы оқушылар арасында №72 мектеп-лицейінің оқушысы Комаров Игорь және 12-14 жас аралығында №27 мектеп лицейінің  оқушысы Айдын Тимур жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға арнайы кубок, диплом және  сыйлыққа Lenovo ноутбугі  берілді.

         Сонымен қатар төменде көрсетілген номинациялар бойынша:

Үздік бағдарламаланған кейіпкер  – №32 мектеп-гимназиясының оқушысы Ахмеров Юсуп және №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Лукашевич Кирилл;

Үздік детективті тергеу – №69 мектеп-гимназиясының оқушысы Шамаев Мейрам  мен №64 мектеп лицейінің оқушысы Айкимбаев Джалил; 

Ойын әлемін үздік безендіру – №14 мектеп-гимназиясының оқушысы  Мұртазин Александр мен №89 мектеп-лицейінің оқушысы  Болатбекқызы Томирис;

Үздік сценарий – №83 мектеп-гимназиясының оқушысы Оспан Данияр мен           №32 мектеп-гимназиясының оқушысы Қадыр Атахан және №18 орта мектебінің оқушысы Апляев Владислав  марапатталды.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған жетекшілерге алғыс табысталды.