Қазақстан білім олимпиадасы

2022 жылдың 15-19 қазан аралығында білім мен ғылымды дамыту мақсатында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры мамандандырылған және дарынды балаларға арналған мектептердің 10-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан білім олимпиадасын өткізді. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде математика, химия, физика, биология, информатика, география пәндері бойынша өтті.

Олимпиадаға Астана каласынан  «NURORDA» мектеп-лицейі, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, №9 «Зерде»        мамандандырылған мектебі, «№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі қатысты. 

Елордалық 112 қатысушының 70 – і жүлделі орындарға ие болды: І орын – 23, ІІ орын – 28, ІІІ орын – 19.