Республикалық балалар оқуларының қорытынды кезеңі басталды

Бүгін, 2022 жылдың 02 қараша күні «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ- ның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Астана қаласы Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында Республикалық балалар оқулары өтуде.
Қорытынды кезеңге Астана қаласы атынан қалалық кезең жеңімпаздары №70 МЛ 4 сынып оқушысы Ұлағат Нұрай, №86 МГ 6 сынып оқушысы Нұржігіт Алуа, Ә.Бөкейхан ат. BINOM МЛ 8 сынып оқушысы Ерлан Айгерім, №81 МЛ 10 сынып оқушысы Ерғалиеваға Аделья қатысады. Ақтық сында елордалық оқушыларға сәттілік тілейміз!