«Астана дарыны» орталығының 2022 жылғы қазан айында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР

         2022 жылдың қазан айында «Астана дарыны» орталығы 12 іс-шара өткізді, оның ішінде 1 халықаралық, 2 республикалық және 9 қалалық. Аталған іс-шараларға Астана қаласынан барлығы 1451 оқушы қатысып, 390 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 81;

I орын – 134;

III орын – 174;

Грамота – 89.

2022 жылдың 11 қазанында «Астана дарыны» орталығының базасында ағымдағы жылдың қазан айында Колумбияда өтетін Халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасына (IJSO – International Junior Science Olympiad) қатысу үшін іріктеу кезеңі өтті.

Іріктеуге елордалық мектептерден 5 үміткер қатысты:

– Бақтыбай Ғалымжан – дарынды ер балаларға арналған БИЛ,

– Амангелді Дана – «НҰРОРДА» лицейі,

– Тынарбай Әмина – дарынды қыз балаларға арналған БИЛ,

– Тюлюбаев Даниел – №6 гимназия

– Аманғали Ахмет – «NURORDA» лицейі.

Республика бойынша іріктеуге Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының және биология, химия, физика пәндері бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, барлығы 40 оқушы қатысты.

Құрамында 15 жасқа дейінгі 6 оқушыдан тұратын Қазақстан Республикасының құрама командасына №6 гимназияның 8-сынып оқушысы, физика пәнінен республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Тюлюбаев Даниэль IJSO-ға қатысуға түсті.

2022 жылдың 12 қазан күні «Астана дарыны» орталығы 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден XV Президенттік олимпиаданың І (өңірлік) кезеңін өткізді.

Әр қатысушы төрт пәннен (математика, физика, химия, биология) тапсырмалар орындады. Олимпиадаға қала бойынша жалпы білім беру мекемелерінен 91 оқушыдан сұраныс түсіп, 88 оқушы қатысты.

         XV Президенттік олимпиадасының І (өңірлік) кезеңінің қорытындысы бойынша 88 қатысушының 20(22,7%) келесі кезеңге жолдама алды.

2022 жылдың 14 қазан күні «Астана дарыны» орталығы №50 мектеп-лицейінде 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар V республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 38 оқушы қатысты.

         Конкурсқа қатыспаған білім беру мекемелері:

Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

  1. Тест тапсыру (Қазақстан тарихы бойынша).
  2. Жобаны қорғау

         «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар V республикалық зияткерлік конкурсы қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 38 қатысушының 20-сы (23%)орын алды: І орын – 4, ІІ орын –7, ІІІ орын –9, грамота – 8.

«Астана дарыны» орталығы Республикалық балалар оқуларының қалалық кезеңін Астана қаласы білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 14 қазан күні №50 мектеп-лицейінде өткізді. Республикалық балалар оқуларының қалалық кезеңіне 38 мектептен 64 оқушы қатысты.

         Байқаудың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша: І орын – 4, ІІ орын – 12, ІІІ орын – 20, грамота – 18.

№70 МЛ 4 сынып оқушысы Ұлағат Нұрай, №86 МГ 6 сынып оқушысы Нұржігіт Алуа, Ә.Бөкейхан ат. BINOM МЛ 8 сынып оқушысы Ерлан Айгерім, №81 МЛ 10 сынып оқушысы Ерғалиеваға Аделья республикалық кезеңге жолдама алды.

2022 жылы 15-19 қазан аралығында оқушылар арасында білім мен ғылымды дамыту мақсатында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры мамандандырылған және дарынды балаларға арналған мектептердің 10-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан білім олимпиадасы өткізді.

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде математика, химия, физика, биология, информатика, география пәндері бойынша өтті.

Олимпиадаға «NURORDA» мектеп-лицейі, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, «№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 112.

Оның ішінде жүлделі орындар саны – 70: І орын – 23, ІІ орын – 28, ІІІ орын – 19.

2022 жылдың 17 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» мен С.Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы және С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен қалалық «Сәкен оқулары» өтті.

Мақсаты: С.Сейфуллин шығармашылығын насихаттау, оқушылар арасында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Қалалық «Сәкен оқуларына» 74 мектептен 162 оқушы 4 номинация бойынша қатысты.

«Астана дарыны» орталығы 2022 жылдың 12 қазан күні отбасының ата-баба тарихын зерделеу, отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту бағытында балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мақсатында білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушыларына арналған «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы»  республикалық конкурсының қалалық іріктеу кезеңін өткізді. 

         Конкурстың қалалық іріктеу кезеңіне 27 білім беру мекемелерінен 31 оқушы қатысты.

Конкурстың  қазылар алқасының шешімі бойынша оқушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: І орын -1, ІІ орын-6, ІІІ орын – 7, грамота-7.

2022 жылдың 18 қазан күні «Астана дарыны» орталығы жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық іріктеу кезеңін өткізді.

         Қалалық кезеңге 308 сұраныс келіп түсіп, 86 мектептен 283 оқушы қатысты.

         Байқау 6 бағытта өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша 125 жүлделі орынға ие болды: Гран При – 6, І орын – 23, ІІ орын – 39, ІІІ орын – 57, грамот – 26.

2022 жылдың 20 қазан күні «Астана дарыны» орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық лингвистикалық олимпиаданың І (аудандық) кезеңін өткізді.

Олимпиада математика мен тілдер (қазақ, орыс, ағылшын тілі) бойынша білімі және логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған оқушылар  арасында өткізілді. Олимпиадаға қала бойынша 85 жалпы білім беру мекемелерінен 118 оқушыдан сұраныс түсіп, 111 оқушы қатысты.

         Республикалық лингвистикалық олимпиаданың І (аудандық) кезеңінің қорытындысы бойынша 111 қатысушының 43 келесі кезеңге жолдама алды.

2022 жылдың 28 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №93 мектеп-лицейінде республикалық Әбіш оқуларының қалалық кезеңін өткізді. Оқуларға 57 мектептен 106 оқушы және 9 команда қатысты.

         4 номинация бойынша өткен оқулардың қорытындысы төмендегідей:

Жалпы жүлдегерлер саны: І орын – 4, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 29.

Әбіш оқуларының республикалық кезеңіне №16 ОМ 8 сынып оқушысы Умарова Сабина, №58 МГ 9 сынып оқушысы Ахмадиева Айзере, №38 МЛ 9 сынып оқушысы Слямова Назия және №87 мектеп-гимназиясы мен №66 мектеп-лицейі командалары жолдама алды.

Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының  ұйымдастыруымен 2022 жылғы 30 қазан күні онлайн форматта Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың іріктеу кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау.

Астана қаласынан қатысқан 11 команда (33 оқушы):

– Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (3 команда);

– NURORDA мектеп лицейі (2 команда);

– №76 мектеп-лицейі;

– №54 мектеп-лицейі;

– №64 мектеп-лицейі;

– №3 мектеп-гимназиясы;

– №38 мектеп-лицейі;

– Skillset school.

Олимпиаданың қортынды кезеңі 2022 жылдың желтоқан айында өткізіледі.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ

1) 2022 жылғы 3-7 қазан аралығында  жобалық робототехника саласындағы біліктілікті арттыру мақсатында информатика пәнінің мұғалімдерімен «3D модельдеу және Arduino бойынша робототехника оқытушылары үшін оқу-жаттығу жиынының I кезеңі»  теориялық және практикалық сабақтар өткізілді. 

Бірінші кезеңді өткізу үшін Arduino және 3D модельдеу бойынша базалық білімі бар қаланың 17  білім беру мекемелерінен 20 информатика мұғалімі таңдалды.

         2)  2022 жылдың 12 қазан күні отбасының ата-баба тарихын зерделеу, отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту бағытында балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мақсатында білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушыларына арналған «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы»  республикалық конкурсының қалалық іріктеу  кезеңін өткізді .

          Конкурстың  қалалық іріктеу   кезеңіне 27 білім беру мекемелерінен       31 оқушы қатысты. 

Қазылар алқасының шешімі бойынша оқушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

           І орын -1, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 7, грамота-7. 

3) 2022 жылдың 17 қазан күні  ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ақсұңқары Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған             7-11 сынып оқушылары арасында Сәкен оқуларының  қалалық  кезеңін өткізді. 

Конкурстың  қалалық іріктеу   кезеңіне 66 білім беру мекемелерінен 162 оқушы қатысты.

Конкурстың  қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

Бас жүлде -4, І орын -10,  II орын- 18,  III  орын 33, грамота – 30.

          4)2022 жылдың қазан айының 18 күні  «Үздік жыл  психологі»  конкурсының  қалалық кезеңін өткізді.

Конкурс психологтердің кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық  практикалық білім алу қызметін дамыту, отандық білім берудің  бәсекелістігін,  тиімділігін,  гуманистік бағытын арттыруға ықпал ететін психологиялық білім алуды білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған.

         Конкурстың  қалалық іріктеу   кезеңіне 25 білім беру мекемелерінен      29 психолог қатысты.

       Конкурстың  қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

          I орын-2,  II орын- 4,  III  орын -5, грамота – 5.

5) 2022 жылдың 31 қазан күні оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін анықтау және тарату  мақсатында білім беру мекемелерінің  әдіскерлері аралығында  «Үздік авторлық бағдарлама»  конкурсының қалалық кезеңін  өткізді.

         Конкурсқа  8  бағыт бойынша  215  жұмыс ұсынылды. Сараптама кезеңінен 152  авторлық жұмыс қалалық кезеңге өтті.

Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:               I орын-14,  II орын- 21,  III  орын – 36, грамота – 27.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ

Психологиялық сүйемелдеу бөлімі қазан айында жоспарға сәйкес ата-аналармен, білім алушылармен және педагог-психологтермен жұмыс жүргізді.

1. Халықаралық форматтағы іс-шараға қатысу бойынша:

XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: «Қазақстандағы балалар жылы: оқыту, тәрбиелеу, балаларға деген сүйіспеншілік».

Мақсаты: Қазақстанда білім берудегі өзгерістерді ілгерілетуде көшбасшыларды, саясаткерлерді, практиктерді және зерттеушілерді біріктіру арқылы білім беру саласындағы заманауи үрдістерді талқылау.

Іс –шараға  40 педагог-психолог қатысты.

2.Педагогтармен жұмыс бойынша  2 іс-шара өткізілді:

– Ақпараттандыру және келісім бланкілерімен жұмысты жүргізу бойынша кеңестер беру.

– Құжаттаманы жүргізу және істер номенклатурасы бойынша қызметін жаңа бастаған психологтерге кеңестер.

Мақсаты: білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне әдістемелік көмек көрсету. 286 педагог-психолог қамтылды.

3Жас психолог мектебі» жұмысы аясында 3 іс-шара өткізілді:

– «Психологтің жұмысында арттерапия әдістерін қолдану» семинар-практикумы

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста арттерапияны қолдану әдістері мен тиімділігі туралы тәжірибе алмасу.

Семинар практикумға 33 педагог–психолог қатысты.

-«Жас психолог мектебі»  аясында «Өзіме жол!» семинар-тренингі:

Мақсаты: педагог-психологтерға өздеріне деген эмоционалды қатынасты түзетуде әдістемелік көмек көрсету.

– «Менің кәсіби қызметімнің жарқын сәттері» коучингі.

Мақсаты: педагог-психологтерге әдістемелік көмек көрсету, білім беру ұйымдарының жас педагог-психологтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

58 педагог-психолог қамтылды.

4.Ата-аналар жұртшылығымен жұмыста алдын алу-ағарту қызметі аясында бөлім қызметкерлері 1 іс-шара өткізді.

Ата–аналар клубы, тақырыбы: «Мектеп-шағын ауданның әлеуметтік өмір орталығы»

Мақсаты: ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологиялық-педагогикалық білім беру және отбасының психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру

42 ата-ана қамтылды.

5. «Татуласу мектебі: тепе- тең» және «Жас медиаторлар клубы» әлеуметтік–педагогикалық жобаларын іске асыру және балалар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыру жұмыстарында 3 іс-шара өткізілді:

Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық білім беру, оқушылар арасынан медиатор-еріктілерді даярлау

94 оқушы қамтылды.

Педагогтармен жұмыс барысында Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесіп «Оқырмандармен қарым-қатынастың психологиялық негіздер» тақырыбында біліктілікті арттырудың оқыту курсы өткізілді.

Мақсаты: кітапханашылардың біліктілігін арттыру курстары шеңберінде

127 кітапханашы қамтылды.

Республикалық біліктілікті арттыру курстары форматында БММ-мен бірлесіп РУМЦДО хаты негізінде ҚР музыка мектептерінің педагогтері  үшін 12 сабақ өткізілді.

Мақсаты: Республикалық біліктілікті арттыру курстары шеңберінде қосымша білім беру педагогтарына психологиялық-педагогикалық білім беру.

Қосымша білім берудің 75 педагогы қатысты.

Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу жұмысында № 70 мектеп-лицейінің ата-аналары мен «Сервиз және туризм» колледжінің педагогтері үшін «Балалар мен жасөспірімдерде суицид қаупінің белгілерін тану тәсілдері» тақырыбында көшпелі семинарлар өткізілді.

Іс шараларға  42 педагог және 65 ата-ана қатысты.

«Жылдың үздік психологі», «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық  конкурстарының қалалық кезеңінде қазылар алқасы мүшелігінде  жұмыс атқарылды.

Мақсаты – шығармашыл, кәсіби мамандарды іріктеу, пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.

Конкурсқа 36 педагог қатысты.

6. Әдістемелік көмек көрсету шеңберінде:

– 06.10.2022 № 16 орта мектебінде орын алған жанжалды жағдайларды реттеу жүзеге асырылды;

– 07.10.2022 «Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығының» мобильдік тобының отырысына қатысу және әдістемелік көмек көрсету жүзеге асырылды;

– 07.10.2022 №74 мектебіне 2 рет (ата-ананың сұрауы негізінде), балаға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша, жанжалды жағдайды шешуде психологиялық көмек көрсетілді.

– 10.10.2022 №76 мектебіне ата-ананың сұрауы бойынша жанжалды жағдайларды реттеу мәселесі бойынша педагог-психологтерге әдістемелік көмек көрсетілді.

Кәмелетке толмағандардың суицидтік фактілері негізінде 7 ЖӘТ (жедел әрекет тобы) отырысы ұйымдастырылып, өткізілді. ЖӘТ жұмысы шеңберінде кәмелетке толмағандарға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша білім беру ұйымдарының мобильдік топтарының құрамы үшін ұсынымдар әзірленді, сондай-ақ суицидтік оқиғалардың салдарын оңалту бағыттары айқындалды.

Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің барлық қызметі білім басқармасына арналған қызметтік хаттарда көрсетілген, сондай-ақ дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының «Астана дарыны» сайтында және Facebook парақшасында жарияланған.

«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.

Кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне қазан айында оқушылар және ата-аналардан түскен сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 19 мекемеден 42 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді. Оның ішінде:

  • 7 сынып – 2 оқушы;
  • 8 сынып – 4 оқушы;
  • 9 сынып – 8 оқушы;
  • 10 сынып – 20 оқушы
  • 11 сынып – 8 оқушы
  • 23 – ата-анаға кеңестер берілді.

Оқушылармен келесі диагностикалық әдістеме тесттері жүргізілді:

  • Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтап, психологиялық портретін шығару (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);
  • Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау (мамандықтар);

«4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау.

Ағымдағы жылдың 3-31 қазан аралығында «Qabilet» қызметінің ұйымдастыруымен, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының https://qabilet.elbasyacademy.kz/ онлайн платформасында Астана қаласы білім беру мекемелерінің «4К» бойынша (креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік)  10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау жүргізілді. Осы уақыт аралығында диаогностикадан 896 оқушы өтті.

Оқушылардың қабілеттерін бағалау бойынша тестілер зияткерлік, коммуникативтік және шығармашылық әлеуеті, сондай-ақ жоғары академиялық жетістіктері бар балаларды әрі қарай сүйемелдеп, кәсіби бағдарлау мақсатында анықтау үшін арналған.

10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау бойынша Астана қаласында бүгінгі күнде 17188 оқушы тіркеліп, 14589 оқушы диагностикадан өтті. Диагностикалау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатын болады.