Семинар  «Балабақшадағы психодиагностика»

             2022 жылдың 4 қарашасында  «Астана дарыны» дарынды балалар мен  талантты жастарды анықтау және қолдау  орталығының психологиялық қызмет бөлімі  «Жас  психолог мектебі» аясында  педагог-психологтерге арналған  «Балабақшадағы психодиагностика» тақырыбында әдістемелік семинар өткізеді.

Семинар офлайын форматта, Мәңгілік ел даңғылы 55/13. 5- пост,  блок С 2.1,  мекенжайында (ЕХРО)  2 -қабаттағы  конференция залында өтеді, басталуы  сағат 14:00.

Семинарды өткізу тілі: қазақша, орысша.