«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының психологиялық қызмет бөлімінің профилактикалық жұмыс жоспарына сәйкес «Ата-аналарға арналған мектеп» жобасы аясында ата-аналарға арналған «Балалар мен жасөспірімдердегі депрессия сигналдары» тақырыбында вебинар өткізеді.
Өтетін күні: 2022 жылдың 3 қарашасы, YouTube арнасында онлайн трансляция форматында.
Басталуы: сағат 10:00-де.
Мақсаты: жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу жұмыстарында ата-аналарды педагогикалық – психологиялық ағарту.
Вебинар: қазақ және орыс тілінде өтеді.