I қалалық «Бейімбетті білмек парыз» атты Б.Майлин оқулары

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 23 қараша күні №52 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, I қалалық «Бейімбетті білмек парыз» атты Б.Майлин оқуларын (бұдан әрі– Оқулар) 8-11 сынып оқушылары арасында өткізеді.
Мақсаты– жазушының тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, насихаттау, шығармашылық зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Қатысушылар: 8-11 сынып оқушылары (Әр номинацияға бір мектептен, бір оқушыдан қатысады).
Өтетін орны: №52 мектеп-гимназиясы (Бурабай көшесі 38).
Өтетін уақыты- тіркеу: сағат. 09.00-10.00; басталуы: сағат. 10.00.
Оқулар ережеге (Қосымша) сәйкес 3 номинация бойынша өтеді:
1- номинация. «Өткір ой, ұшты қалам» – жас ақындар;
2-номинация. «Бейімбетті білмек парыз» – жазушының еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу жұмыстары;
3-номинация. «Өмірді шынайы өрнектеген тұлға» – эссе жазу.
Көрсетілген сілтеме бойынша қатысушылардың мәліметтерінің дұрыс толтырылуына мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары жауапты!
Қатысу үшін 18 қарашаға дейін көрсетілген сілтеме бойынша https://forms.gle/KbCsmezDSJvXWbky5 тіркелу қажет.
Қосымша ақпаратты алу үшін көрсетілген байланыс телефонына 87014930181, 87757632207, 87017303110 және beimbet.okulary@mail.ru электронды поштасына хабарласуға болады.