Қазақстан Республикасының оқушыларына арналған
«STEM олимпиадасы»

​ «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығы 2022 жылдың жоспарына сәйкес қараша айының 24-25 күндері аралығында Қазақстан Республикасының оқушыларына арналған «STEM олимпиадасы» Республикалық Ғылым Фестивалі өтетінін хабарлайды. Олимпиада Astana IT университеті базасында өтеді.​ Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының зияткерлік дарынды оқушыларының зерттеу әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау. Олимпиада «Астана Innovations» АҚ, Астана қаласы әкімдігі, «STEM Academia» ЖШС, «ASTANA IT UNIVERSITY», «Астана дарыны» орталығы қолдауымен өтеді. Олимпиадаға алдын ала іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы білімберу ұйымдарының 8- 11 сынып оқушыларының командалары қатысады: Қатысушыларды тіркеу: сағат 08:30. Олимпиадаға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша https://forms.gle/ELwNwcoGmZbgDi3a8 16 қарашаға дейін тіркелу қажет.​Барлық сұрақтар бойынша rnd@stem-academia.com немесе support@stem-academia.com почталарына жаза аласыз .