«Тәуелсіздік дәуірі» олимпиадасы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылдың 31 қазандағы №134 хаты негізінде «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры (бұдан әрі – Академия) жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында «Тәуелсіздік дәуірі» – Қазақстанның жаңа тарихынан Ұлттық Олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өткізетінін хабарлайды.

«Тәуелсіздік дәуірі» олимпиадасы – білім беру жобасы, онда әрбір қатысушы  гүлденген және қауіпсіз Қазақстанды құру жолында маңызды шешімдер қабылдайтын нағыз көшбасшысы ретінде сезіне алады. Олимпиада еліміздің тәуелсіздігінің жаңа тарихы туралы білімдерін бірегей ойын түрінде толықтыруға, егеменді мемлекет құрылысының негізгі кезеңдерінен өтуге, дамудың «қазақстандық моделі» мәнін ұғуға мүмкіндік береді.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

I кезең – іріктеу,  б.ж. 7-14 қараша аралығында ойынның  https://kzgame.kz/ электрондық нұсқасында онлайн форматта өтеді. Ең жоғары нәтижесі бар 20 қатысушы II кезеңге жіберіледі.

II кезең – финал, б.ж. 1 желтоқсанда «Nazarbayev Center» ғимаратында (Астана қ., Бөкейхан к-сі, 1а) офлайн форматта өтеді.

Олимпиадаға 16 мен 22 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер қатыса алады. Олимпиадаға қатысу тегін.

Сонымен қатар, олимпиаданың финалистері мен жеңімпаздары үшін бағалы сыйлықтар қарастырылған (Ереже қоса беріледі).

Толық ақпаратты мына байланыс арқылы алуға болады: +7 778 388 83 32, email: a.tuletaeva@elbasyacademy.kz