Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының іріктеу кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 1  қараша күні мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының іріктеу кезеңін өткізу ұйымдастырылады. 

Өнер байқауының іріктеу кезеңіне 67 мектепке дейінгі білім беру мекемесінен 3-4 жас пен 5-6 жас ерекшелігіне қарай «Вокал», «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша 150 тәрбиеленушінің бейнематериалы қабылданды.
Қазылар алқасы қатысушыларды жіберілген бейнетаспа арқылы іріктейді. Іріктеуден өткен тәрбиеленушілер қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауында бақ сынайды.