«Қазақстанның ұлттық валютасы» конкурсы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2022 жылдың 1-15 қараша күндері Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде (әрі қарай – ҚарТУ) атаулы оқу орнының «Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті» факультетінің ұйымдастыруымен мектеп, лицей, гимназиялардың 11-сынып оқушылары мен колледж түлектерінің арасында «Қазақстанның ұлттық валютасы» конкурсы өтетінін хабарлайды. Конкурстың мақсаты: – Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті қызметін кеңейту аясында ЖОО-ға дейінгі білім беру мекемелерімен байланысты нығайтып, ынтымақтастық орнату; – жастардың қаржылық сауатын арттыру;- болашақ «экономист» мамандығын таңдауға мүмкіндік беретін танымдық зерттеу жұмыстарына жастардың қызығушылығын арттыру.Конкурс жеңімпаздары Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне мемлекеттік грант негізінде тапсыратын болса, (бірінші оқу жылында) шәкіртақыға қосымша үстеме төленеді:І орын – 16 жеңімпаз (шәкіртақыға 10% үстеме);ІІ орын – 16 жеңімпаз (шәкіртақыға 7% үстеме);ІІІ орын – 16 жеңімпаз шәкіртақыға 5% үстеме); Егер конкурс жеңімпаздары ҚарТУ-інде ақылы негізде оқитын болса, ай сайынғы төлем ретінде төмендегідей үстемеақымен ынталандырылады:І орын – 16 жеңімпаз (степендия сомасының 10%-ы);ІІ орын – 16 жеңімпаз (степендия сомасының 7%-ы);ІІІ орын – 16 жеңімпаз (степендия сомасының 5%-ы); Қорытынды кезеңнің қатысушылары сертификаттармен марапатталады.