«Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы

2022 жылдың 31 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын елордалық үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының қалалық кезеңін өткізеді.
Өтетін орны : «№65 мектеп-гимназиясы» ( 187 көшесі, 18/4).
Тіркелу уақыты: сағат 09.00.
Басталуы уақыты: сағат 10.00.
Конкурстың өткізу тілі: мемлекеттік, орыс.