Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХV мерейтойлық Президенттік олимпиаданың ІІ кезеңі

2022 жыл 27 қазан сағат 10.00-де республика бойынша бір уақытта жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХV мерейтойлық Президенттік олимпиаданың ІІ кезеңі өтеді. Елордамызда олимпиада «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Мәңгілік ел 55/13, блок С2.1 мекенжайында өтеді. Олимпиадаға І өңірлік кезеңіндегі іріктеуден өткен 16 мектептен (Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, Экономикалық лицей, Х.Ж. Садвакасов атындағы Елордалық мектебі, №40 мектеп-лицей, № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, №81 «Astana English school» халықаралық мамандандырылған гимназия, №16 орта мектеп, №2 гимназия, Орталық экономикалық мектеп, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, №86 мектеп-гимназия, Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, №65 мектеп-гимназия, №9 Зерде мамандандырылған мектебі, №38 мектеп-лицей, №28 мектеп-лицей) 20 оқушы қатысады. ІІ кезеңнен өткен қатысушылар республикалық кезеңге жолдама алады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!