«Балалар мен жасөспірімдердің қарым-қатынасын дамытуға арналған практикалық техникалар» тақырыбында өткен шеберлік сыныбы

         2022 жылдың 21 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының психологиялық қызмет бөлімі мектептер мен колледждердің педагог-психологтеріне «Жасөспірімдер коммуникациясын дамытуға арналған практикалық әдістер» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сабағына жас мамандар мен тәжірибелі тәлімгерлер шақырылды.

       Жасөспірімдер ортасындағы өзекті мәселелердің бірі  – тұлғааралық қатынастардың күрделілігі, бірінші курс студенттері мен жаңадан келген оқушылар арасындағы балалар ұжымына бейімделу қиындықтары жиі кездеседі. Бөлім басшысы Г. К. Капанова іс жүзінде жасөспірімнің ауызша қарым-қатынасын дамытуға арналған арт-терапия элементтерінің техникасын көрсетті. Арт-терапия құралдары арқылы психолог адамның эмоционалды жағдайын, оның көңіл-күйін көруге мүмкіндік алады.

         № 56 мектеп-лицейінің тәжірибелі педагог-психологі А. Р.Жаппашева бұл техниканы мұғалімдердің эмоционалды «күйіп жануының» алдын алу жұмыстарында да қолдануға болатындығын атап өтті.

           № 29 орта мектебінің педагог-психологі К. С. Загипарова жас мамандар үшін тыныс алу гимнастикасында, сондай-ақ жасөспірімдер мен педагогтер үшін эмоционалды күш алу тәсілінде қолдануға болатын жаттығуды көрсетті.

           Бөлім әдіскері К.М. Хамзина жас мамандарға ойын арқылы балалардың еркін қарым-қатынасын дамытуға арналған жаттығуларды көрсетті.

         Іс-шара қорытындысы бойынша тәжірибелі психологтер мен жас мамандар шеберлік сыныбында көрсетілген техникаларды тек психологтер ғана емес, сонымен қатар педагогтер, сынып жетекшілері, топ жетекшілерінің балалар ұжымын біріктіру, қолайлы психологиялық климат құру, жасөспірімдер ортасында буллингтің алдын алу жұмыстарында қолдануға тиімді деген тұжырым жасады.