«Өзіме жол»  шеберлік сабағы  туралы ақпарат

20.10.2022 жылы «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері «Жас психолог мектебі» аясында Астана қаласы колледждерінің  педагог – психологтеріне арналған «Өзіме жол» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

       Шеберлік сабағының  мақсаты: Астана қаласы колледждерінің жас педагог-психологтеріне әдістемелік көмек көрсету.

      Шеберлік сабағына  18 педагог-психолог қатысты.

       «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының әдіскері К.М. Хамзина шеберлік сабағында педагог-психологтерге  өзін-өзі диагностикалау, өзін-өзі тану тәсілдерін меңгеру, эмоционалды оң тәжірибе жинақтау әдістері және оларды   қолдану тәжірибесімен бөлісті. Әдіскер эмоционалды жағдайды өзін-өзі реттеу әдістерімен, қабылдау дағдыларымен және басқа адамдардың эмоционалды жағдайларын бағалаумен таныстырды (эмпатия).Теріс тәжірибелерді азайтып ,оларды жағымды эмоционалды жағдайларға айналдыру және коммуникативті дағдыларды қалыптастыру үшін әртүрлі жаттығулар мен әдістерді қолданудың маңыздылығын анықтады.

        Сабақтағы сенімді және достық атмосфера шеберлік сабағының мақсатына жетуіне  және қатысушылардың жағымды эмоциялар алуына оң ықпал етті.

       Қатысушылардан кері байланыс алынып, сабақтың қорытындысы шығарылды, әрқайсысы сабақ туралы өз пікірін білдіріп, шеберлік сабағының педагог-психолог жұмысындағы маңыздылығын және әдістемелік пайдалылығын атап өтті.