«Өзіме жол» шеберлік сабағының
баспасөз хабарламасы

Өткізу мерзімі: 20.10.2022 жыл. Өткізу нысаны: шеберлік сабағыМақсатты аудитория: Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтері.Мақсаты: Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагог-психологтеріне әдістемелік көмек көрсету.Офлайн форматында өтетін орны: Мәңгілік Ел көшесі,55/13, 2-қабат, конференц зал. «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» аясында Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтері үшін «Өзіме жол» тақырыбында шеберлік сабағын өткізеді. Шеберлік сабағында келесі сұрақтар қарастырылады:

1.Өзін-өзі диагностикалау әдістерін игеру; эмоционалды жағымды тәжірибе жинақтау, өзіне деген қызығушылықты дамыту.

2.Мұғалімдердің өз сезімдерін түсіну қабілетін дамыту; басқа адамдардың эмоционалдық күйлерін қабылдау және барабар бағалау дағдылары (эмпатия); коммуникативтік дағдылар.

3.Жағымсыз тәжірибелерді азайту және оларды жағымды эмоционалды күйлерге айналдыру.

4. Эмоционалды жағдайды өзін-өзі реттеу әдістерімен танысу. Шеберлік сабағының соңында педагог-психологтер кері байланыс үшін сауалнамалар толтырып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіре алады. Студенттер және мұғалімдермен жұмыста қолданылатын техникалар мен жаттығулар бойынша әдістемелік ұсыныстар алады.