Республикалық лингвистикалық олимпиадасының І кезеңі (аудандық).

Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы еліміздің дарынды оқушыларын анықтау және қолдау мақсатында 8-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық лингвистикалық олимпиадасы өткізілетінін хабарлайды.Олимпиада математика мен тілдер (қазақ, орыс, ағылшын тілі) бойынша білімі және логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған оқушылар арасында 3 кезеңде өткізіледі: І кезең (аудандық) – 20 қазан 2022 жыл; ІІ кезең (қалалық) – 10 қараша 2022 жыл; ІІІ кезең (республикалық) – 24 қараша 2022 жыл. Олимпиаданың аудандық кезеңі а.ж. 20 қазанында сағат 10.00-де Төле би, 42 мекенжайында орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде өтеді.