8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық іріктеу кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау орталығы жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық іріктеу кезеңін 2022 жылдың 18 қазан күні № 70 мектеп-лицейінің базасында өткізуде. Байқау 6 бағытта өткізіледі:1. Шешендік өнер, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);2. Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драма);3. Эссе жазу; 4. Ұлттық аспапта ойнау ( домбыра, қобыз, жетіген және т.б.); 5. Ақындар айтысы;6. Ақындар мүшәйрасы.Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!