«Менің шағын Отаным» жас тарихшылар
V республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңі

2022 жылдың 14 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың V республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңін №50 мектеп-лицейінде өткізеді. Қалалық кезеңге Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінің іріктеу кезеңінен өткен 39 оқушы қатысады: «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша 14 оқушы;«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша 6 оқушы; «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша 6 оқушы;«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша 13 оқушы. Тіркелу уақыты: 08:20-08:45 . Басталуы: 09:00.