Астаналық жас дарын Колумбияда ел намысын қорғайды

2022 жылдың 11 қазан күні «Астана дарыны» орталығының базасында Халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасының (IJSO – International Junior Science Olympiad) іріктеу кезеңі өтті. Халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасының (IJSO – International Junior Science Olympiad) іріктеу кезеңінен жоғары нәтиже көрсеткен елордалық №6 гимназияның 9-сынып оқушысы Тюлюбаев Даниэль Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының қатарында Колумбияда ел намысын қорғайтын болады. Даниэльді жеткен жетістігімен құттықтаймыз және жеңіспен оралуына тілектеспіз!Осы орайда Даниэльдің жетекшісі Концевая Марина Андреевнаға үлкен алғысымызды білдіреміз! Қаламыздың қоржыны жүлделі орындармен толыға берсін!