Бүгін, 2022 жылғы 12 қазанда «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» республикалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) қалалық кезеңі аяқталды. Байқауға өз аймағының, елінің тарихы мен мәдениетіне қызығатын, зерттейтін Астана қаласының 27 мектебінен 31 оқушы (5-10 сынып) қатысты.Байқаудың мақсаты – отбасының тарихын зерттеу, отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту саласында балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру.Әр қатысушы:- «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы», ағаш түрінде бейнеленген, ата-бабаларымен бірге ата-баба тізбегін, одан кейінгі ұрпақтарын (Атасы-Ұлы-Немересі) көрсететін А3 форматында жасалған суретін;- «Менің ата – бабаларым – менің батырларым!» болашақ ұрпақ үшін, үлгі бола алатын отбасының/рудың жарқын өкілі туралы бір оқиғаны сипаттайтын А4 форматтағы фотоальбомның презентациясын; – шығармашылық бейне презентацияларын таныстырды;Іс-шараның құндылығы – «Мен, Менің отбасым, Менің халқым, Менің Отаным» призмасы арқылы жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу.Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Байқау жеңімпазы республикалық кезеңге жолдама алды. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз, Республикалық кезеңге қатысатын жеңімпазымызға сәттілік тілейміз!