Жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған XV Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі

Бүгін, 2022 жылы 12 қазанда, бір күнде, Астана уақытымен сағат 10.00-де жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған XV Президенттік олимпиаданың облыстық (бірінші) кезеңі басталды. Президенттік олимпиадаға ағымдағы оқу жылындағы елорданың жалпы білім беру ұйымдарының бұған дейін республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 88 оқушысы қатысты. Әр қатысушы барлық кезеңде математика, физика, химия және биология – төрт пән бойынша тапсырмалар орындайды. Ең жоғары ұпай жинаған 20 оқушы келесі кезеңге өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!