Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХV мерейтойлық Президенттік олимпиаданың І өңірлік кезеңі

2022 жылы 12 қазанда республика бойынша бір уақытта жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХV мерейтойлық Президенттік олимпиаданың І өңірлік кезеңі басталады. Елордада олимпиада  «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты  жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінде өтеді.

Олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жалпы білім беру ұйымдарының 11 – сынып оқушылары қатысады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!