Бүгін 2022 жылғы 7 қазанда «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алаңында орналасқан Астана қаласының Америка бұрышымен бірлесіп, «Chevron» компаниясының қолдауымен 3D модельдеу және Arduino бойынша информатика мұғалімдерінің қысқа мерзімді курсының бірінші кезеңін (оқу-жаттығу жиындарын) аяқтады.Оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Arduino және 3D модельдеу бойынша базалық білімі бар астаналық 17 мектептің 20 информатика мұғалімі таңдап алынды.Барлық қатысушылар жобалық робототехника бойынша қалалық, республикалық және халықаралық турнирлерде командалардың нәтижелілігін айтарлықтай арттыратын деңгейде білімдерін толықтырды. Қысқа мерзімді курс үш кезеңде өткізіледі:1. Информатика мұғалімдеріне арналған оқу-жаттығу жиындары (15 сағ.);2. Оқушылармен оқу-тәжірибелік сабақтар (21 сағ.);3. ОЖЖ қатысушы мұғалімдердің тәрбиеленуші оқушылары арасында байқау (Конкурс Ережесіне сай).