Робототехника оқытушыларының оқу-жаттығу жиыны

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алаңында орналасқан Астана қаласының Америка бұрышымен бірлесіп, «Chevron» компаниясының қолдауымен 2022 жылдың 3 қазанынан бастап 3D модельдеу және Arduino бойынша робототехника оқытушыларына арналған оқу –жаттығу жиынын өткізуде.
Америка бұрышының тренері Ертай Рахимов жүргізіп отырған Arduino және 3D модельдеуден дәрістерге Астана қаласының 17 мектебінен 20 робототехника оқытушылары қатысып отыр. Жаттығу жиындарына қатысушылардың қызығушылығы жоғары, олар теориядан практикаға көшіп, жасап жатқан жұмыстарының нәтижесін бірден көріп отыр.