«Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі зияткерлік қабілеттерін анықтау мен болашақ түлектің талаптары мен сұраныстарына жауап беретін мамандық және оқу орнын таңдауға көмек көрсету мақсатында 7-11 сынып оқушыларының диагностикасы 2022-2023 оқу жылында жалғасатынын хабарлайды.
Диагностикадан өтіп, кеңес алу үшін оқушылар мен ата-аналар «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметінің Call-орталығы 8-(7172)-20-26-83 және 8-(776)-388-33-88 телефондарына хабарласып, сұраныс қалдыра алады. Диагностика бойынша нұсқаулық қосымшада берілген.