Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен «Елбасы Академиясы» КҚ арасында 2021 жылғы 23 маусымда жасалған №43/ГЗ мемлекеттік тапсырма шартын орындау шеңберінде 10-11 жастағы балалардың қабілеттілігін диагностикалау және нәтижелерін интерпретациялау бойынша «Qabilet» қызметі жұмысын жүргізу жалғасуда.
«Астана дарыны» ДДжПС орталығы «Qabilet» қызметінің мақсаты оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен дарынды жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін оларды сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру болып табылады.
Ағымдағы оқу жылының 2-30 қазан аралығында Есиль ауданы білім беру мекемелерінің оқушыларына 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін онлайн диагностикалау жүргізіледі.
Диагностикадан өту ережелері мен ақпаратты https://qabilet.elbasyacademy.kz/ сілтемесі арқылы алуға болады.