3D – модельдеу және Arduino бойынша робототехника оқытушыларына арналған оқу-жаттығу жиын

Астана қаласындағы Америка бұрышы «Chevron» компаниясының қолдауымен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылы 3-7 қазан аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алаңында 3D модельдеу және Arduino бойынша робототехника оқытушыларына арналған оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Өтетін орны – Л.Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті (Пушкина көшесі 11, 307 каб., унивеситет кітапханасы).
Қатысушылардың тізімі «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының 2022ж.22.09. № 338 /07-06 хатында көрсетілген.
Басталуы – сағат 10.00 –де.
ОЖЖ-ің өткізу тілі: қазақ, орыс тілдерінде