Қалалық Сәкен оқулары

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы іс -шаралар жоспарына сәйкес ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ақсұңқары Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған 7-11 сынып оқушылары арасында қалалық Сәкен оқуларын өткізетінін хабарлайды.
Оқулар мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын насихаттау және мектеп оқушылары арасында классикалық әдебиеттерді дәріптеу.
Оқулардың міндеті- жалпы білім беретін мекемелер оқушыларының шығармашылық қабілететтерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау.
Оқулар қазақ тілінде өтеді.
Оқулар ережеге сәйкес төрт номинациядан тұрады:

  • «Сәкен-жыр сұңқары»;
  • «Сәкеннің сырлы әндері»;
  • «Арқаның асау тұлпары»;
  • «Болмасаң да ұқсап бақ».
    Өтетін орны: Астана қаласы, С. Сейфуллин атындағы № 80 мектеп -гимназиясында өткізіледі (Ш. Қосшығұлұлы көшесі 17/2).
    Өтетін уақыты: 14- қазан 2022 жылы.