2022 жылғы 28 қыркүйек күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы М.О.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып (А.Бөлекпаев к., 20) Қазақ КСР ҒА-ның академигі, қоғам қайраткері, зерттеуші, аудармашы, қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушылардың бірі М.О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған «М.О. Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» атты І қалалық панорамалық сабақ беру конкурсын өткізеді.
Басталуы: 09: 00.
Өткізу тілі: қазақша