Жалпы білім беретін ұйымдарының түлектеріне арналған жаратылыстану бағытындағы ХV Президенттік олимпиаданың І (өңірлік) кезеңі

Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада  ережеге сәйкес үш кезеңде өткізіледі.

Олимпиаданың І (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 12 қазанында сағат 10.00-де ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінде (Тұрар Рысқұлов, 14) Астана уақытымен бір күнде өткізіледі.

Олимпиадаға республиканың жалпы білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған биылғы оқу жылының түлектері қатысады (оқытылу тіліне қарай әр мектептен 1 оқушыдан).

Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңде төрт пән бойынша тапсырмалар орындайды: математика, физика, химия және биология.

Өтінімдерді «Астана Дарыны» ДДжПСО ағымдағы жылдың 5 қазанына дейін төмендегі кестеге сәйкес қабылдайды:

Қатысушының аты-жөніЖСНМектепОқу тіліМекенжайыБайланыс телЖетекшінің аты-жөні