«Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезең

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ- ның ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2022 жылдың 23 қыркүйегі күні №93 мектеп-лицейінің базасында «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңін жалпы білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушылары арасында өткізді.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, оқу сауаттылығын арттыру.
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегісі);
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»);
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»);
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо). 215 оқушы осы шығармалар аясында тест тапсырмаларын орындап, берілген тақырыптарға эссе жазды. Қалалық кезең 14 қазан күні өтеді.