«DARYN» атты зияткерлік – тележоба нәтижесі

Биыл «Хабар» телеарнасы ғылым-білімді дамытуға бағытталған басымдықтарды іске асыру мақсатында «DARYN» атты зияткерлік – тележоба ұйымдастырды.
Тележобаның мақсаты мектеп оқушыларының оқу-білімге қызығушылығын арттыруды, әділетті бәсекелестікті қалыптастыруды, еліміздегі ұстаздар мәртебесін нығайтуды әрі барлық өңірдегі дарынды балаларды халыққа танытуды көздейді.
Ағымдағы жылдың 20 тамызында «DARYN» зияткерлік-тележобасының іріктеу кезіңі өтті. Бұл іріктеу кезеніңе 20 оқушы қатысып, 2 оқушымыз түсірілімге өтті.

  • Сабыржан Нұрлыбек – N65 мектеп-гимназиясы, 11-сынып оқушысы;
  • Қорғанбаева Лаура – Мұстафа Шоқай атындағы 51мектеп-гимназиясы, 11-сынып оқушысы. Түсірілім Алматы қаласында «IMEDIA» продакшн компаниясының павильонында болды.Түсірілімге өткен оқушыларға алғыс хат және сыйлық табысталды.